2020-2022 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округінің дамыту бағдарламасы (rar, 22 Kb)

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округінің 2018 жылға даму жоспары (zip, 354 Kb)


Ауылдық округ  ауданның оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан,  территориясы - 300,3 мың га.  01.04.2018 ж. күніне халық саны - 1511 адам,  аула саны - 260.  Ауылдық округ батыс жағынан Бисен ауылдық округімен, оңтүстікте - Атырау облысының Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылымен, солтүстік-шығысынан - Ұялы ауылдық округімен шекараласады.  Округ орталығы - Бөрлі ауылы, аудан орталығынан 140 шақырым қашықтықта. Ауылдық округте 2 елді мекен бар (Бөрлі, Тереңқұдық).

Ауылдық округ  әкімі - Қитанов Меңдібай, осы лауазымда 2001 жылдың 1 тамызынан қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы - құқықтану.

Округтің аумағында «Нарын құмының» құмды өңірлері орналасқан. Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы.   01.01.2018 ж. мал басы: ірі қара - 11 720, қой - 13 721, ешкі - 4172, жылқы - 4608, түйе - 206, құс - 100.

Шаруа қожалықтар саны - 52, жеке кәсіпкерлер - 11.

Округте 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт, М.Бегалиева атындағы орта мектеп,   1 ауылдық мәдениет үйі, 1 кітапхана, «Қазпочта» АҚ-ң Бөкей ордасы аудандық пошта байланыс торабының бөлімшесі жұмыс істейді.