2020-2022 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылдық округінің дамыту бағдарламасы (rar, 22 Kb)

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылдық округінің 2018 жылға арналған даму жоспары (zip, 559 Kb)


Ауылдық округ  ауданның шығыс бөлігінде орналасқан, территориясы - 304,7 мың га. 01.04.2018 ж. күніне халық саны - 1228 адам,  аула саны - 267. Ауылдық округ батыс жағынан Т.Масин ауылдық округімен, оңтүстікте - Атырау облысының Құрманғазы ауданының Балқұдық ауылымен, шығысынан - Жаңақала ауданымен, солтүстікте - Саралжын ауылдық округімен шекараласады. Округ орталығы - Ұялы ауылы, аудан орталығынан 180 шақырым қашықтықта. Ауылдық округте 2 елді мекен бар (Ұялы, Кеңой).

Ауылдық округ  әкімі - Оразғұлов Бақытжан Аманғалиұлы,  осы лауазымда 2007 жылдың 18 қазанынан қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы - мал дәрігері.

Округтің аумағында «Нарын құмының» құмды өңірлері орналасқан. Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. 01.01.2018 ж.  мал басы: ірі қара -7134, қой мен ешкі - 11 246, түйе - 31,  жылқы - 1422.

Шаруа қожалықтар саны - 62, жеке кәсіпкерлер - 7. 

Округте 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт, Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 ауылдық мәдениет үйі, 2 кітапхана жұмыс істейді.