рисунок

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаевтың қатысуымен өткен аудан активінің жиналасында Президенттік жастар кадр резерві туралы кеңінен ақпарат берілді. Аталған жоба барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашады деп көзделіп отыр.

Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадр резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады. Бұл ретте Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады.

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылған. Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы. Үміткер  PKRezerv.kz сайттың басты бетінде  Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты  мағлұматты инфографика арқылы біле алады.

Тіркелу кезінде кандидат расталған дербес деректерін (ЖСН, АӘТ, туған күні, e-mail, телефон) енгізуі және жеке кабинетін (тұрғылықты жері, білімі, жұмыс өтілі, лауазымдар тобын және бағыттарды таңдау, сондай-ақ басқа да қосымша ақпаратты) толтыруы тиіс.

Тіркеуден өте отырып, кандидат өзіне конкурсқа қатысушыға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау, ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді қабылдайды. Барлық қажетті материалдар жүктелген болуы, тіркеу нысанын және жеке кабинетті кандидаттың өзі және белгіленген мерзімдерде толтыруы тиіс.

Кандидаттың өтінімі қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, кандидат Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдеріне

Кімдер қатыса алады?

  • Жасы 35-тен аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары
  • Жоғары білімі бар
  • 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар
  • 1-ден 3-ке дейін ұсыным хаты бар

Қалай қатысуға болады?

  1. 2019 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында PKRezerv.kz сайтында тіркелу және құжаттарды тапсыру керек
  2. Жеке кабинетте нысанды толтыру
  3. Қажетті құжаттарды енгізу:
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмесі
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
  • Ұсыным хаттар
  1. 2019 жылдың 12 қазанынан бастап 25 желтоқсаны аралығында іріктеу кезеңдерінен өту.

рисунок

рисунок

рисунок