Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 27-28.02.2018 ж. аралығында «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде,

27-30.11.2018 ж. аралығында «Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және 27.12-29.12.2018 ж. аралығында «Ер Төстік» ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізіліп, жоспар толықтай орындалды.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үнемі бақылау, тексеріс жүргізіліп отыр. 2018 жылы белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ, қызмет көрсету сапасына қатысты  шағымдар түскен жоқ.

2018 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі жұмыстар атқарылды:

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында 28.02.2018 ж. күні аудандық демалыс орталығының фойесінде (Оған 39 адам қатысты. Аталған шарада 23 кеңес пен ақпараттар беріліп, 78 буклет таратылды. Бұған қоса шараға қатысқан 39 адамға ЭЦҚ берілді.) және 25.09.2018 ж. күні Бисен ауылындағы Б.Жанекешов атындағы ЖОББ мектебінде (Оған 35 адам қатысты. Аталған шарада 25 кеңес пен ақпараттар беріліп, 80 буклет таратылды.) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» акциялары өткізілді;

- «Жасырын сатып алушы» тәсілімен аудандық жер қатынастары және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді;

- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша ақпараттық бағыттағы бейнеролик түсірілді;

- Мектептің жоғарғы сынып оқушыларына «электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктерін түсіндіретін сабақтар өткізіліп, оған 50 оқушы қатысты;

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында а.ж. наурыз айында 3 (үш) өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары құрылды (Фотосүреттер жалғанды, 5-қосымша).

Орналасқан жері

Интернет жеткізуші оператор

Интернет жылдамдығы (келісім-шарт бойынша)

1

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының ғимараты

Қазақтелеком

512 кбит/с

2

Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимараты

Қазақтелеком

512 кбит/с

3

Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты

Қазақтелеком

512 кбит/с

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі туралы
7 семинар-кеңес және 3 «дөңгелек үстел» өткізіліп, оған 476 адам қатысты. Бұған қоса мемлекеттік қызметтер туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Орда жұлдызы» газетінде 7 мақала жарияланды. Газеттің әрбір нөмірі 1504 адамға таратылады;

- 2018 жылдың 16 мамыр күні «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК БҚО бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас дағдылары» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарында 25 маман оқытылды;