Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының 2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 25-28.02.2019 ж. аралығында «Сайқын ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде,
19-29.03.2019 ж. аралығында «М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізілді (Бақылау іс-шарасының актісі жалғанды).

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үнемі бақылау, тексеріс жүргізіліп отыр. Есептік кезеңде белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ, қызмет көрсету сапасына қатысты  шағымдар түскен жоқ.

2019 жылдың І жартыжылдығына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 1-тоқсанында атқарылған жұмыстар.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында 16.03.2019ж. және 30.03.2019ж.  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі ғимаратында "Мемлекеттік әлеуметтік көмектің жаңа форматы" тақырыбында "Ашық әкімдік" өткізілді, оған 32 адам қатысты. Аталған шарада 32 кеңес пен ақпараттар беріліп, 29 буклет таратылды(Фотосүреттер жалғанды).

Сайқын ауылында тұрғындар көп шоғырланған жерге «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы тақырыбында билборд, сонымен қатар «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы бейнеролигін Бөкей ордасы ауданы әкімідігінің ресми интернет-ресурстарда және «Facebook» әлеуметтік желісіне орналастырылды(Фотосүреттер жалғанды).

2019 жылдың 1 тоқсанына аудан тұрғындарына 1570 ЭЦҚ берілген. Сонымен қатар 2019 жылдың 1 тоқсанына Мgov мобильдік қосымшасы 1515 адам тіркелді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі туралы 4 - кездесу өткізіліп, оған 148 адам қатысты (Хаттамалар жалғанды). Бұған қоса мемлекеттік қызметтер туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Орда жұлдызы» газетінде 1 мақала жарияланды. Газеттің әрбір нөмірі 1504 адамға таратылады (Мақалалар жалғанды).