Жұмыс берушілер үшін

«Науқас парағының жарамдылығын тексеру»

Қосымшамен жұмыс істеу туралы жалпы мәліметтер.

k-vrachu.kz қосымшасы – Мобильді қосымша азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға арналған. Сервис азаматтарға «Дәрігерді үйге шақырту» және «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметтерін электрондық түрде көрсетуді жүзеге асырады. Қосымшада әрбір азамат өзінің электрондық медициналық картасына қол жеткізе алады.  

Тіркелген пайдаланушылар үшін науқас парағының түпнұсқалығын QR-код арқылы тексеру мүмкіндігі қаралған.

k-vrachu.kz  қосымшасының осы функциясының көмегімен жұмыс беруші өз қызметкеріндегі науқас парағының түпнұсқалығын тексере алады.  

Қосымшаны орнату.

k-vrachu.kz  қосымшасын мобильді құрылғыға орнату үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  1. Интернетте GooglePlay немесе AppStore қосымшалар дүкеніне кіріңіз.
  2. іздеу жолын пайдалану арқылы k-vrachu.kz қосымшасын табыңыз.
  3. Қосымшаны автоматты түрде жүктеу үшін Орнату батырмасын басыңыз.
  4. Қосымша сәтті жүктелгеннен кейін құрылғының экранында іске қосу белгісі пайда болады.

Қосымшаға кіру үшін Kvrachu белгішесін басыңыз.

 

Қосымшаны іске қосу

Қосымшаны іске қосу үшін мобильді құрылғының мәзірінде орналасқан тиісті белгішені басыңыз. Осы белгішені басу кезінде авторизация экраны ашылып,  осы экранда пайдаланушы тіркелуді жүзеге асырады.

 

Қосымшаның басты беті

Қосымшамен жұмыс істеуге кірісу үшін, пайдаланушы авторизациядан өтуі немесе тіркелуі қажет.

Кіру. Осы батырманы басу кезінде қосымшаның басты бетінің жүктелуі жүреді, онда келесі элементтер орналасқан:

  • Бейінге, қызметтерге және картотекаға көшу батырмасы
  • Ақпарат панелі
  • Қызметтер тізбесі
  • Картотека.

 

Ақпарат панелі

Қосымшада сол жақта орналасқан бейіннің ақпарат панелінде пайдаланушы келесі деректермен таныса алады:

  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақырту
  • Жұмыс кестесі
  • Медициналық ұйымдар
  • Картотека
  • Хабарлама
  • Икемдеу
  • Көмек
  • Қате туралы хабарлау
  • Қосымша туралы
  • Құжатты тексеру
  • Тілді таңдау.

 

Мобильді қосымшаның көмегімен жұмыс берушінің Науқас парағының түпнұсқалығын тексеруі.

Пайдаланушы мобильді қосымшада тіркелгеннен кейін, жұмыс беруші өз ұйымы қызметкерлеріндегі науқас парақтарының түпнұсқалығын тексере алады. Тексеру KazMedGIS дерекқорында науқас парағы бланкісінің сол жақ бұрышында орналасқан QR-код арқылы жүзеге асырылады.  

Құжатты тексеру үшін, жұмыс беруші k-vrachu.kz қосымшасына кіріп, Бейіннің сол жақтағы панелін басу қажет. Құжатты тексеру батырмасын таңдау қажет.

Осыдан кейін сканерлеу беті шығады, оны науқас парағындағы QR-кодқа бағыттау керек. Ашылған науқас парағын тексерудің нәтижесі шығады.

Егер науқас парағы жалған болса, «Науқас парағы табылмады» деген хабарлама шығады.