03.02.2020 ж.

Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты, 090200, БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 31, анықтама телефоны: 8(71140)21-190, электрондық мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне қатысты демалыста болу уақытында, E-R-4 санаты, лауазым индексі №04-02-01,  1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95245 теңгеден 128833 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:

Аудандағы мәдени кешендердің жұмысын ұйымдастыру, мәдениет және өнер саласының жұмысын жоспарлау, іс-шаралардан перспективалық жоспарларын, мәдениет пен өнердің мақсатты кешенді бағдарламаларын әзірлеу, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Мемлекеттік органдарда меншік нысанына қарамастан мекемелер мен кәсіпорындарда    Қазақстан Республикасы Президентінің  тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруын  тіл заңнамаларының орындалуын бақылау жасау, тілдерді дамыту шараларды орындау, мәліметтерді жинақтау және жоғарғы  органдардан келген құжаттардың орындалуын қадағалау. Ономастикалық бағыттағы жұмыстарды жүргізу. Бөлім қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу, кадр құрамы жөнінде мәліметтер дайындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Мамандығы бойынша: «Білім» (музыкалық білім, тарих, қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен əдебиеті), «Гуманитарлық ғылымдар» (тарих, мәдениеттану, филология), «Өнер» (музыкатану, аспаптық орындаушылық, вокалдық өнер, дəстүрлі музыка өнері, эстрада өнері, өнертану), «Әлеуметтік  ғылымдар, экономика  және бизнес» (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), «Қызмет көрсету» (әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, мәдени-тынығу жұмысы), «Құқық» (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі).

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне, шешім шыққан күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде, шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі.

Нысан

_______________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________                                               ___________________________________

(қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.