Бөкей ордасы ауданы бос «Б» корпусы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға үміткерлерден оң қорытынды алған кандидаттар тізімі

10.07.2019 ж.

1. Мұратсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға оң қорытынды алған кандидат:

Ғұмар Ақұштап Елтайқызы

 

Негіздеме: Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратында бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асыру жөніндегі бiрыңғай конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісінің №17 хаттамасы.

09.07.2019 ж.

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратында бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асыру жөніндегі бiрыңғай конкурстық комиссияның 2019 жылғы 9 шілдедегі №16 ШЕШІМІ

Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман-бухгалтері - бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасу үшін ешбір үміткер құжат тапсырмауына байланысты осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өтпеді деп танылсын.

04.07.2019 ж.

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратында бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асыру жөніндегі бiрыңғай конкурстық комиссияның 2019 жылғы 4 шілдедегі №15 ШЕШІМІ

1. Мұратсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына құжат тапсырған үміткер Ақылбеков Әнуарбек Эдуардұлы «Б» корпусының тиісті бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аталған бос лауазым бойынша әңгімелесуге жіберілмесін.

2. Мұратсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына құжат тапсырған үміткер Ғұмар Ақұштап Елтайқызы «Б» корпусының тиiстi бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес деп танылып,  әңгiмелесуге жiберілсін.  Кандидатқа бір жұмыс күн iшiнде әңгiмелесу өткiзу күнi туралы хабарландырылсын.

Әңгімелесу 2019 жылғы  10 шілде күні  сағат 11.00-де  аудан әкімі аппаратының ғимаратында өтеді.

02.07.2019 ж.

Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты, 090200, БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 31, анықтама телефоны: 8(71140)21-190, электрондық мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман-бухгалтері (E-R-4 санаты, лауазым индексі № 07-02-03, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95245 теңгеден 128833 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін және аз қамтылған отбасыларына және мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек қаржысын аудару. Мемлекеттік сатып алуды реттеу, бөлім  жұмыстары бойынша жоғарғы органдарға есептер мен мәліметтер дайындау. Бас кітап жүргізу. Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес бухгалтерлік есеп жоспарларын жасақтау, баланстарды қарау және келтіру. Бөлім қызметкерлерінің еңбек ақыларын, демалыс ақыларын, еңбекке жарамсыздықтары  жөніндегі парақтарын есептен түсіру, төленетін еңбекақы көздерінен жеке адамдарын ұсталатын салықтарды есептеу. Өз қызметі бағыттары бойынша белгіленген үлгідегі есептерді қаржы, салық, статистика органдарына дер кезінде түсіру. Банкі, касса операцияларының жәйіне бақылау жасау. Қызметкерлердің зейнетақы аударымдарының жеке карточкаларын жүргізу.

24.06.2019 ж.

Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты, 090200, БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 31, анықтама телефоны: 8(71140)21-190, электрондық мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мұратсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (E-G-3 санаты, лауазым индексі № 13-02-01, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 90874 теңгеден 122392 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:

ҚР Президенті  мен Үкіметінің  заңдылықтарын, нормативтік-құқықтық актілерінің, облыс,  аудан  әкімдерінің, басқа да жоғары органдар  шешімдері мен  өкімдерін орындау. Азаматтардан түскен ауызша  және жазбаша  арыздардың  қаралу тәртібін сақтау, қажетті есептерін жоғарғы органдарға тапсыру.  Ауылдың  әлеуметтік  міндеттерін  шешуге  атсалысу,  қоғамдық-саяси шараларды  ұйымдастыру және тұрғындар мен мемлекеттік емес  қоғамдық ұйымдармен арасындағы  жұмыстарын  жүргізу. Аудан әкімі аппаратына және  басқа  да тиісті  органдарға  белгіленген  үлгіде  шұғыл  есептер  беру. Ауылдық округ әкімінің нормативтік- құқықтық актілерін дайындау. Нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізу. Ауылдық округі әкімі аппаратының  қаржы-шаруашылық жұмыстарымен айналысу. Мемлекеттік мекеменің кадр құрамы бойынша іс-қағаздарын жүргізу. Ауылдық округ әкімінің  белгіленген кестеге сай  азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру. Шаруашылық есеп кітаптарын жүргізу және толтыру. Тұрғындарға мекенжай, отбасы және тағы да басқа анықтамаларды беру. Тұрғындардың есепке алынуын және есептен шығарылу есебін жүргізу.

Бөкей ордасы ауданы бос «Б» корпусы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға үміткерлерден оң қорытынды алған кандидаттар тізімі

11.06.2019 ж.

1. Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің басшысы,E-R-1 санаты, 1 бірлік, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға оң қорытынды алған кандидат:

 Гумаров Жубан Орынгалиевич

 

Негіздеме: Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратында бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асыру жөніндегі бiрыңғай конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісінің №14 хаттамасы.

Бөкей ордасы ауданы «Б» корпусы әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға ниет білдірген үміткерлер қойылған бiлiктiлiк талаптарына сай келулеріне байланысты жалпы конкурстың әңгімелесу кезеңіне жіберілгендер тізімі

10.06.2019 ж.

2019 жылғы  11 маусым күні  сағат 15.00-де  аудан әкімі аппаратының ғимаратында өтетін Бөкей ордасы ауданының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурстың әңгімелесу кезеңіне жіберілгендер тізімі.

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің басшысы, E-R-1 санаты, 1 бірлік, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына:

  1. Гумаров Жубан Орынгалиевич.