Құрметті Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің ресми сайтына келушілер!


Жеке блогымда мен Сіздерді қуана қарсы аламын. Бүгінде, ақпараттық технологиялардың екпінді дамыту дәуірінде, жергілікті атқарушы өкімет ретінде, ауданымыздың әр бір тұрғыны әлемдік ақпараттық жүйесінде интегралдылынғандай және аудан әкімінің ресми сайты арқылы ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономиқалық жағдайымен Сіздер танысқандай біз барлық жағдай жасауға тырысып отырамыз. Блог арқылы сіз тікелей менімен қарым-қатынас жасап, ұсыныс енгізіп, ойларыңызбен бөлісіп, өз пікірлеріңізді жаза аласыздар. Ал мен болсам Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беремін, әр бір өтінім қараусыз қалмайды. Блог біз үшін бірыңғай ақпараттық алаңы болып, және өте қызықты пайдалы болады деп сенімдімін.

 

Құрметпен, 

Бөкей ордасы ауданының әкімі

Рахымжанов Нұрлан Сағынтайұлы 

 

  

Жаңалықтар


Мемлекеттік қызметкерлер мен полицейлердің мерекесі атап өтілді

26.06.2017

Қазақстан Республикасы полициясының 25 жылдығы және мемлекеттік қызметкерлері күніне орай, мемлекеттік қызметкерлер мен полицейлер арасында спартакиада, мерекеге арналған салтанатты жиын мен концерттік бағдарлама өтті.

Толығырақ...


Ақ халаттылар мерекесі атап өтілді

26.06.2017

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.

Толығырақ...


Ауданда «Жастарға кеңес!» акциясы өтті

26.06.2017

Аудандық демалыс орталығының алаңында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жастарға түсіндіру мақсатында облыс бойынша халық көп шоғырланған ашық алаңқайларда «Жастарға кеңес!» ақпараттық-кеңес беру шарасы өтті. Ақпараттық-кеңеске аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, аудандық орталық аурухана, аудандық жұмыс қамту орталығы, Бөкей ордасы колледжі, "Атамекен" ҚР ҰЭП Бөкей ордасы ауданы филиалы мамандары қатысып, тұрғындарға ақпараттық кеңестер берсе, аудандық орталық аурухана қызметкерлері келген тұрғындарға медициналық қызметтер көрсетті.

Толығырақ...


Аяқдоп бәсекесі

19.06.2017

Жаз маусымының алғышқы күні, яғни, 1 маусым - Халықаралық балалар күні. Қазақстан бұл "Балаларды қорғау күні" деген атпен белгілі. Мерекені тойлау және "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуына орай, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен орталық алаңда 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Толығырақ...


Үстел теннисінің үздіктері бақ сынасты

19.06.2017

Аудандық "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестігі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сайқын ауылында 4 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы және "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесінің ашылуына орай, ерлер командалары арасында үстел теннисінен ауданаралық жарыс өтті. Жарысқа Ресей Федерациясы, Астрахан облысы, Ахтуба ауданы, Жоғарғы Басқұншақ және Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарының командалары қатысты.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...